Спортшы уфалық команда сапынан кеткенді жөн көрген. Жалпы ол Ресей жерінен кеткенді мақұл санаған. «Салават Юлаевтан» осылайша бір емес, бірнеше легионер бірден кетіп отыр.
Бұған дейін финляндиялық қақпашы Юха Метсола, шабуылшылар Сакари Маннинен, Теэму Хартикайнен, Маркус Гранлунд уфалық ұжымнан іргесін аулақ салған болатын.
Хоккейшілердің неліктен ресейлік командалардан кетіп жатқаны туралы әзірге нақты ресми мәлімет жоқ. Алайда олар Украинадағы соғысқа қарсылық ретінде осындай қадамға баруы мүмкін екендігі айтылуда.