Ауа райы • 05 Наурыз, 2022

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

138 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-сы 5 наурыз күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Каспий теңізінің аудандарынан келген циклонның әсерінен Қазақстан аумағында күн райы құбылмалы болады, көбіне жауын-шашын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта нөсер жауын жауады. Еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, кей жерлерде жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі, солтүстік-батыс пен шығыста бұрқасын болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда желдің екпіні 23-28 метрге жетеді, таулы асуларында 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында – тұман түсіп, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында – найзағай ойнайды, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге, кей уақытта 30 м/с-қа жетеді және одан жоғару болуы ықтимал.

Атырау, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, облыстардың батысында, шығысында және орталығында екпіні 23-28 м/с болады, түнде Маңғыстау облысында кей уақытта желдің екпіні 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.

Қызылорда облысының орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 25 м/с жетуі ықтимал. Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде – тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында – көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде – жаяу бұрқасын соғып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде жел 25 м/с күшеюі мүмкін. Қостанай облысының батысы мен орталығында – көктайғақ болып, тұман түседі, облыстың шығысында, оңтүстігінде - жаяу бұрқасын соғып, облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде – тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстік-батысында – тұман түсіп, күндіз облыстың батысында – көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында – тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың батысында, орталығында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болуы күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, орталық бөлігінде – тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде облыс орталығында - жаяу бұрқасын болып, облыс орталығында – желдің жылдамдығы сеукндына 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.