Футбол • 05 Наурыз, 2022

Бүгін Қазақстан біріншілігі басталады

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 5 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Қазақстан біріншілігі басталады

Биылғы доп додасында барлығы 14 команда бақ сынайды. Олар екі айналым жүйесі бойынша шеберлік байқасады. Алғашқы тур ойындары 5 және 6 наурыз күндеріне белгіленген.

Бүгін, 5 наурызда бес команда өзара кездеседі. Доп додасының шымылдығын елорда уақытымен 15.00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары ойынымен ашылады.

Елордадағы ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Одан кейін 16.00-де «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) клубтары жасыл алаңға шығады.

Сондай-ақ, 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» командалары шеберлік байқасады. Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал 6 наурызда қалған екі ойын болады. Алдымен 15.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Ақтөбе», 17.00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) командалары ойнайды.

Бұл күнгі екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше