Экономика • 05 Наурыз, 2022

Айырбастау орындарында доллар 525 теңгеден сатылып жатыр

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айырбастау орындарында доллар 525 теңгеден сатылып жатыр

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,58 теңгеге өскен.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 492, 28 теңге.

Таңғы саудада доллар бағамы 503, 30 теңгеге тең болды

Айта кетейік, Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 5 наурыздағы ресми бағамы - 499, 20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 525 теңге, сатып алу - 519 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 522 теңгеден болса, сатып алу құны - 516 теңге.