Экономика • 05 Наурыз, 2022

Мереке күндері доллардың бағасы қандай болады?

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Банкі доллардың теңгеге қатысты ресми бағамын 6-9 наурызға белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке күндері доллардың бағасы қандай болады?

Мереке күндері және сәрсенбіде доллар бағамы 503,30 теңгеге тең болады.

Айта кетейік, доллардың 5 наурыздағы ресми бағамы 499,20 теңге болды.

Сондай-ақ, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 503,30 теңгені көрсетті.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 505,58 теңге, сатылым - 520 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орташа есеппен 515,45 теңгеден сатып алады, 520,47 теңгеден сатады.