Әлем • 06 Наурыз, 2022

Visa мен Mastercard Ресейде жұмысын тоқтатады

1478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Visa және Mastercard 5 наурызда Ресейде жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Екі компания санкцияларды қолдай отырып, ресейлік банктер шығарған карталар бойынша қызметін тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Visa мен Mastercard Ресейде жұмысын тоқтатады

Mastercard корпорациясы ресейлік банктер шығарған карталарды Mastercard желісі бұдан былай қолдамайды деген мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, Ресейден тыс жерде шығарылған Mastercard карталары Ресей аумағында жұмыс істемейді.

«Біз Ресейге қызмет ұсынуды тоқтата тұруды шештік», делінген хабарламада.

Компания заң бойынша шектеулер болмаған жағдайда және олар орынды деп тапқанда Ресейде жұмысын қайта бастайтынын мәлімдеді.

Осыған ұқсас мәлімдемені Visa компаниясы да жасады. 

Ал Сбербанк халықаралық төлем жүйелерінің Ресейдегі жұмысын шектеуі Сбербанк Visa және Mastercard карталарының ішкі жұмысына әсер етпейтінін хабарлады. Бірақ шетелде және шетелдік интернет-дүкендерде ресейлік Visa және MasterCard карталарынан төлем жасауға шектеу болады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15