5 наурызда сағат 03.10-да Құрманғазы ауданында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел - екпіні секундына 22-23 метр) ішінара Құрманғазы, Орлы, Шортанбай, Нұржау, Жаңаталап, Қиғаш, Бірлік, Ақкөл, Мақаш, Дыңғызыл, Теңіз, Сафон, Байда, Көптоғай, Еңбекшіл, Кудряшов (абонент саны 52 907) елді мекендерінде электр энергиясын беру авариялық жағдайда тоқтатылды.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «Атырау Жарық» АҚ жүргізіп жатқанын хабарлады. 10 авариялық бригада және 3 техника жұмылды.
«6 наурызда сағат 11.30-дағы жағдай бойынша Орлы, Шортанбай ауылдары және ішінара Құрманғазы кентінде жарық қосылды. Қалған елді мекендерде қосылмады (абонент саны - 38 333). Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр», деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.