Аталған конференцияны «Дубна» мемлекеттік университеті, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясы, Ресей геологиялық қоғамы және В.Вернандский атындағы мемлекеттік геологиялық мұражай ұйымдастырған болатын.
Айта кету керек, жеңімпаз жұп Қазақстаннан қатысқан жалғыз-ақ команда болыпты. Ал жалпы, конференцияда бұлар үздік шыққан «Адамның шаруашылық қызметінде тау жыныстары мен минералдарын қолдану» бағыты бойынша 14 жоба сынға түскен.
Жоба жетекшісі – география пәнінің мұғалімі Жанар Байметованың айтуынша, оқушылар Қарағанды аумағында көмірдің пайда болуының геологиялық ерекшеліктерін және оны заманауи көмір өнеркәсібінде қолдану технологиясының қыр-сырын ашу жолында жемісті еңбек еткен.
Ал Далила Қуанышова аталған конференцияға екі ай бойы дайындалғандарын айтады.
– Бұл – біздің ортақ еңбегіміз. Шынымды айтсам, бірінші орын аламыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді. Қуанышымызда шек жоқ. Бұл жеңіс бізге сенімділік берді, ілгері жылжуға ынталандырады. Алдағы уақыттағы жоспарымыз зор. «Көмір өнеркәсібінің экологияға және қоршаған ортаға әсерін ескере отырып дамуы» тақырыбы бойынша жұмыс істейміз деген ниетіміз бар, – дейді Д. Қуанышова.
Қарағанды облысы