Ауа райы • 07 Наурыз, 2022

Боранға байланысты астанадан шығатын жолдар қайта жабылды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының бұзылуына байланысты елордадан шығатын бірқатар жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боранға байланысты астанадан шығатын жолдар қайта жабылды

Ikomek қалалық шұғыл қызметі таратқан мәліметке сенсек, 7 наурыз күні сағат 14.20-дан бастап Нұр-Сұлтаннан шығатын бірқатар республикалық жолдар жабылады.

Нақтылап айтқанда, «Екатеринбург - Алматы» жолының 917-1247 шақырым аралығында, «Нұр-Сұлтан - Жақсы ауылы» учаскесінде көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған.

Сонымен қатар сағат 15.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Петропавл» жолының 18-231 шақырымдарының аралығында, «Нұр-Сұлтан - Щучинск» учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Мұның алдында астанадан бүкіл бағытта жол ашылғаны хабарланған болатын.