Аймақтар • 07 Наурыз, 2022

Атырау облысында алтын, күміс алқа алған аналар қатары көбейген

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында алтын, күміс алқа алған аналар қатары көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында алтын, күміс алқа алған аналар қатары көбейген

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ардагер және көпбалалы, балалары жетістікке жеткен аналарды, әр салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді құттықтады.

«Елімізде әйелдер мен жастар үшін партиялық тізіммен Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттарға 30% квота енгізілді. Қазір өңірдегі 141 мәслихат депутатының 38-і – әйелдер.

Ал, жергілікті атқарушы органдардағы басшылардың 40 пайызға жуығын қыз-келіншектер құрайды», -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Облыста 10 мыңға жуық көпбалалы ана бар. Өткен жылы 18 481 бала өмірге келген. Оның ішінде 212 егіз болған. Биыл өңірде 33 ана алтын, 132 ана күміс алқамен марапатталып отыр.

«Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасымен былтыр 232, биыл 233 тегін квота бөлінген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жақсы нәтижемен көзге түскен полицейлердің аналары марапатталған болатын.