Арқа төсінде кішілердің жасы үлкен әйел баласына қарата «тәте» деп үн қататыны бар. Ал айналаңа «Ақтәте» атану – екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Бүгінде Ақжарқын Тұрғанбайқызы Иманбаеваны Шет ауданында өзін жақсы таныған ағайын «Ақтәте» деп атайды. Қолындағы қызметіне қарап емес, бойындағы кісілік қасиеттерін құрмет тұтып солай дейтініне кейіпкердің өмір жолына үңіле отырып көз жеткіздік.

Ақжарқын Тұрғанбайқызының өмірі күреске толы. Үш қызы – үш қызғалдағы желкілдеп өсіп келе жатқанында жеке өміріндегі ауыр сынаққа тап болды. Ол еске түссе, жүректі сыздатып, көңілге мұң ұялататын кездер еді. Әйтсе де, жаратылысынан қайсар келіншек тағдырдың басқа салғанын қасқайып тұрып қарсы алған.
«Өткен күнде белгі жоқ» деген рас-ау. Сол кездегі қиыншылық бүгінде көрген түстей ұмытылған. Қазір Ақжарқын Тұрғанбайқызы – атырапқа аты шыққан білдей бір мекеменің білікті басшысы, аудан көлемінде абыройдың биігіне еңбегімен көтерілген іскер келіншек.
Өткен өмір жолына қарап отырса, қызықты күндерді де, сынаққа толы сәттерді де артқа тастапты. Өзі Қызылорда қаласында туып-өсті. Бой жетіп, ұядан ұшқаннан бергі өмірді сүру Арқа төсінен бұйыртқан екен. Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдап, сол жерде лаборант болып екі-үш жыл жұмыс істеді. Одан кейін өмір жолы жас маманды Жезқазғандағы Ө.Байқоңыров атындағы университетке алып келген еді. Осындағы филология факультетінде әуелі оқытушы, сонан кейін деканның орынбасары болып жемісті қызмет етті.
Жылжып 2004 жыл да жеткен. Бұл жыл Ақжарқын үшін тағдыршешті, өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелген құтты жыл болды. Тағдырдың жазуы ғой: Боранбай Жұмкин есімді азаматпен табысып, отау құрды. Ал бұл кісі Шет өңірінде жақсы аты шыққан, ұзақ жылдар ауданда басшылық қызметтер атқарған қайраткер тұлға болатын.
«Басқа түссе баспақшыл» деген, қаланың қызына ауылдық жерге келісімен сиыр сауып, құрт қайнатып, май шайқауды меңгеруге тура келген. Сөйтіп үй шаруашылығына қарайлап, бір жылдай отырып қалды.
Ал 2005 жылы аудан орталығындағы «Шет-Көмек» несие серіктестігіне маман болып жұмысқа тұрды. Есеп-қисапқа құрылған, қағаз-құжаты көп күрделі жұмысты бір кісідей меңгеріп әкеткені де рас-тын.
Арада он шақты жыл өткенде қатардағы маманнан серіктестіктің басшысына дейінгі деңгейге көтерілді. Ұйымның 2017 жылы өткен жалпы жиналысында Ақжарқын Тұрғанбайқызы «Шет-Көмек» несие серіктестігінің басқарма төрайымы болып сайланды.
Иә, «Шет-Көмек» несие серіктестігінің өркен жайып дамуына серпін берген себептің бірін ұйымның басшылығына іскер келіншек Ақжарқын Иманбаеваның келуімен байланыстыруға болады. Мысалы, серіктестік ауыл шаруашылығы нысандарына несие беру қарқынын екі жарым есеге көбейтіп, 2018-2019 жылдары 100-ге тарта шаруа қожалығына 250 млн теңгенің көлемінде қаржы беруді қамтамасыз еткен. Ал бүгінде «Шет-Көмектің» 186 қатысушысы бар. Оларға берілген несие-займның көлемі 1 млрд 477 977 мың теңгені құрайды.
Иә, үнемі өсу жолындағы мекеме 2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 52 шаруа қожалығына 505,4 млн теңге несие беріп, бұл көрсеткіш жағынан Қарағанды облысында үшінші орынға табан тіреді. Ал былтыр «Шет-Көмектің» рейтингтік көрсеткіші жоғары «А» тобына жатқызылып, еліміз бойынша несие серіктестері арасында топ бастаушылар қатарына енді.
«Банктерді ауыл тұрғындарының кепілдік ретінде ұсынатын мал-мүлкі аса қызықтыра бермейді, оларға керегі – жылжымайтын мүлік. Ал біздің «Шет-Көмек» борышкерлердің мал-мүлкін қажетті құжаттармен рәсімдеп, олардың нарықтағы бағасын шығарып, сол бойынша несие алуға барлық мүмкіндікті жасайды», дейді А.Иманбаева.
Іскер адам үшін айналасындағы әріптестік қарым-қатынаста жүрген жандардың пікірі өте маңызды. Осы орайда «Шалқар» шаруа қожалығының басшысы Шалқар Сағындықұлы біздің кейіпкеріміз турасында өзінің ойын былайша білдірген. «Ақжарқын Тұрғанбайқызымен жұмыс істеудің өзі – бір бақыт. Істің қиюын біледі, адамның тілін табады. Ол кісі араласса, шешілмейтін мәселе, ілгерілемейтін іс жоқ», дейді ол ағынан жарылып.
Ақжарқын Тұрғанбайқызы дегенде шағын ұжымның да шығарға жаны жоқ. Себеп – белгілі. Іскер келіншек қарамағындағы әрбір қызметкердің бабын тауып, балаша мәпелеп жүреді. Осындай кісілік сүйіспеншіліктің жылуын сезінген ұжым да өзге жұрт сияқты Ақжарқынды «Ақтәте» деп риясыз көңілмен атайды.
«Ақжарқын Тұрғанбайқызы – адамгершілігі мол, өте кеңпейіл және әділетті адам. Иә, жұмысқа келгенде талабы қатаң да шығар. Бірақ ұжымның әрбір мүшесінің жағдайын жасауға, көңілін табуға келгенде, ол кісідей мейірімді жанды табу қиын», дейді несие серіктестігінің заңгері Гүлім Әлғожина.
Бүгінде Ақжарқын Тұрғанбайқызы –екі бірдей немеренің бақытты әжесі. Үш қызы да жоғары білім алып, қатарының алды болды. Қазіргі уақытта түрлі салада ел игілігі үшін еңбек етіп жүр.
«Борекем екеуміздің ендігі бар тілеуіміз – осы балалардың амандығы», дейді атына заты сай аяулы ана, адал жар, білікті басшы Ақжарқын Тұрғанбайқызы.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар