30 Наурыз, 2014

Конюховтың қайығына тропикалық балықтар шабуыл жасады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-01-14-koniuhov-1

Орыс жиһанкезі Федор Конюховтың Чили жағалауынан Жасыл құрлыққа бара жатқан қайығына Тынық мұхитта тропикалық балықтар шабуыл жасады. Кеше «Тургояк» Француз Полинезиясы аймағынан шақты. Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлады. «Спинорог тектес тропикалық балықтардың үйірлерін көптеп көре бастадым. Олар қайықтың корпусына тұмсықтарымен келіп соғып өтеді. Мен бұған да қуанып отырмын. Оларға тазалықшы деген ат та қойып алдым», - деді Конюхов осыған орай, Ескекті қайықтың Тынық мұхит айдынындағы сапарының мәресіне 2 700 миль жер қалды. Ал мәре Австралияның Брисбен қаласында барып тоқтайды. Еске сала кетейік, қайықпен Тынық мұхитты көктей өтуге тәуекел етіп, ұзақ жолға шыққан Федор Конюхов 90 күннен астам уақыттан бері су үстінде тербеліп келе жатыр. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: НТВ телеарнасы. Фото: ИТАР-ТАСС.