
«Менің ойымша Конор әлем чемпионы атағына таласады деген сарындағы ақпараттың бәрі де фейк. Мұндай әңгімелер жанкүйерлердің реакциясын байқау үшін айтыла береді. Оған қазір октагонға шығудан бұрын салмақ жасаудың өзі үлкен мәселеге айналды. Жеңіл салмақтағы көптеген спортшылар оны оңай жеңеді. Конор енді Нейт Диаз секілді жасы келіп қалған спортшылармен кездесіп, азын-аулақ ақша табуға ұмтылатын болады. Ол енді ешқашан әлем чемпионы атана алмайды. Мен бұл ойыма сенімдімін», деді ресейлік спортшы өз ойымен бөлісіп.