Әлем • 09 Наурыз, 2022

НАТО қорғаныс министрлері шұғыл жиын өткізеді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына байланысты шұғыл жиын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

НАТО қорғаныс министрлері шұғыл жиын өткізеді

НАТО Бас хатшысы Ян Столтенбергтің төрағалығымен өтетін отырыс 16 наурызда бейнеконференция арқылы өтеді. 

Ресейдің Украинамен шекарада орасан зор әскери күш жинап, шабуыл жасағанынан кейін НАТО бірнеше жоғары деңгейдегі кездесулер өткізді.

Биылғы 16-17 ақпанда НАТО қорғаныс министрлері кездесті, ал 25 ақпанда ел басшыларының қатысуымен бейнеконференция режимінде кездесу өтті. 

4 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.