Жекпе-жек • 09 Наурыз, 2022

Нурмагомедов Петр Янды қазірдің өзінде жеңе алады – Генри Сехудо

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы чемпионы Генри Сехудо ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовтің кәсіби мансабына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Нурмагомедов Петр Янды қазірдің өзінде жеңе алады – Генри Сехудо

«Менің ойымша Умар әлем чемпионы болатын жігіт. Уақытында онымен бірге жаттығу өткізгенмін. Сондықтан оның мүмкіндіктерін жақсы білемін. Ол әбден шеберлігі толысқан спортшы десем, еш қателеспеймін. Жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Петр Янды қазірдің өзінде жеңе алатын мүмкіндігі мол. Өйткені Умардың күресі мықты», дейді ол.