«9 наурызда сағат 00:55 шамасында Ә.Молдағұлова мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысында Toyota көлігінің жүргізушісі KIA автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жолдың бір жолағында тұрған алты автокөлік зақымданды», деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден төрт адам жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Полиция нақтылағандай, 2020 жылы Toyota жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізгені үшін жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
ҚР ҚК 346-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол бойынша жүргізушіге төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру қаупі төніп тұр.