Қаржы • 09 Наурыз, 2022

KASE: Доллар бағамы 510 теңге болды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 510 теңгені құрап, тағы 6,21 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

KASE: Доллар бағамы 510 теңге болды

Ресей рублінің орташа бағамы 0,1592 теңгеге төмендеп, 5,4207 теңгені, ал Қытай юанінің бағамы 81,01 теңгені құрады.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 511,5-517,5 теңгеден, еуро - 582-592 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 4,0-5,10 теңгені құрады.

Сонымен қатар 9 наурыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да біршама өсті.

Сәуірде WTI мұнай фьючерстері 1,11%-ға өсіп, барреліне 125,07 долларды құрады.

Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны 1,54%-ға, яғни, барреліне 129,95 долларға дейін көтерілді.