Бұл туралы спорт журналисті Руди Галетти өзінің «Твиттердегі» парақшасында жазды.
Деректерге сенсек, туриндік команда франциялық футболшыға жылына 9 миллион еуро жалақы ұсынған.
Сонымен қатар қосымша бонус ретінде 3 миллион еуро төлеудің де жолдарын қарастырған. Қазіргі кезде команда басшылары келіссөздер жүргізіп жатыр. Футболшының өзі осы маусым аяқталғаннан кейін «Манчестер Юнайтедтен» кетуге бекініп отыр.