Аймақтар • 09 Наурыз, 2022

Атырау облысының тұрғындары төрт күннен бері жарықсыз отыр

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Құрманғазы ауданында 400-ге жуық электр бағанасы құлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының тұрғындары төрт күннен бері жарықсыз отыр

Құрманғазы ауданында 5 наурыздан бері электр энергиясындағы ақау әлі толық қалпына келтірілген жоқ.

«Жөндеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Құрманғазы ауданының орталығындағы шағын аудандарға электр энергиясын кезең-кезеңмен беру іске асырылды. Қазір Құрманғазы, Байда, Орлы, Шортанбай, Дыңғызыл, Қиғаш, Сүйіндік, Асан, Азғыр, Нұржау, Жаңаталап, Теңіз, Кудряшов, Еңбекші, Мақаш, Сафон, Ақкөл округтеріне ток көзі берілді. Ал, Көптоғай округінде құрамында 6 адам, 4 техника бар 1 бригада, Бірлік ауылдық округінде 3 бригаданың құрамында 14 адам мен 3 техника электр энергиясын, кейбір елді мекендерде электр және байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. «Қазақтелеком» АҚ-ның 27 стансасының 20-сында байланыс орнатылды», деп хабарлады аудындық әкімдік таратқан ақпаратта.

Құрманғазы ауданында электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарына «Атырау-Жарық» АҚ-ның 8 бригадасы (56 адам, 20 техника) және «Қазақстан теміржолы» АҚ электрмен қамту бөлімінің 1 бригадасы (15 адам, 6 техника) жұмылдырылып отыр.

«Табиғи апаттың салдарынан бір 22 метрлік 35 кВТ, алты 22 метрлік 10 кВТ, 400-ге жуық 11 метрлік 10 кВТ электр бағанасы құлаған. Осыған байланыстты медицина мекемелері мен өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарда уақытша дизель генераторы іске қосылған», деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соңғы жаңалықтар