Әлібек Ахмедьяров - 2019 жылғы Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Оңтүстік Калифорния университетінің магистратурасын тәмәмдаған.
Ол өз еңбек жолын Индустрия және сауда министрлігінде Заң департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.
Білім және ғылым министрлігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда, Сыртқы істер министрлігінде Заң қызметі департаментінің директоры лауазымын атқарды.