Әлем • 10 Наурыз, 2022

Швеция қазір НАТО-ға кіруді жоспарлап отырған жоқ

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон Стокгольмның қазіргі уақытта НАТО-ға кіру жоспары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Швеция қазір НАТО-ға кіруді жоспарлап отырған жоқ

2022 жылдың 8 наурызында Андерссон Швецияға НАТО-ға кіру идеясы ұнамайтынын мәлімдеді. 10 наурызда ол бұл тақырыпқа тағы да тоқталды.

«Егер Швеция өтініш беруге шешім қабылдаса, бұл Еуропаның бұл бөлігін одан әрі тұрақсыздандырып, шиеленісті күшейтеді», деді Андерссон. 

Ол Швецияның Украинадағы жағдайды «қауіп» деп санайтынын, сондықтан Киевке қару жіберу туралы шешім қабылдағанын айтты. 

Ал Финляндия премьер-министрі Санна Марин осы күндердің бірінде Финляндия парламентінде елдің НАТО-ға кіруіне қатысты тыңдау өтетінін айтты. 

Ол парламент бұл мәселе бойынша қолайлы шешім қабылдайды деп үміттенеді.