Әлем • 10 Наурыз, 2022

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде қару қолдану оқиғасы болды, деп хабрлайды Egemen.kz  Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды

Оқиға 10 наурызда Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында болған.

Атыс шамамен он минутқа созылды. Қырғыз тарапынан жаралылар мен зардап шеккендер болмады. Ал тәжік тарапынан жараланғандар бар.

Қазір екі елдің шекара өкілдері келіссөздер жүргізуде.

«Тескей» аймағы мемлекеттік шекараның сипатталмаған бөлігі, бірақ іс жүзінде бұл аймақты Қырғызстанның азаматтары тұрады.