Аймақтар • 10 Наурыз, 2022

Теңіз кен орнында жол-көлік оқиғасы болды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 наурыз сағат 17:00 шамасында Теңіз кен орнында жүк көлігі мен бензин тасуға арналған көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теңіз кен орнында жол-көлік оқиғасы болды

Полиция департаменті апат салдарынан дене жарақатын алған жүргізушілердің біріне дәрігерлік көмек көрсетілгенін хабарлады.

Сонымен қатар, жүргізушілердің бірі мас болғаны белгілі болды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 608 бабы («жүргізушінің мас күйінде көлік құралын жүргізуі») бойынша іс сотқа берілді.