Қоғам • 11 Наурыз, 2022

«Жанұя» көмек те, кеңес те береді

557 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдау және жалпы елорда тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылы Нұр-Сұлтан әкімдігі жанынан «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Мекеме директоры Әсемгүл Садыр онлайн брифингте осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстар туралы және орталықтың азаматтарға маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қалай көмектесетіні тура­лы айтып берді.

«Жанұя» көмек те, кеңес те береді

Орталық азаматтардың же­ке­­ле­ген санаттарына, оның ішін­де көпбалалы, толық емес және әлеуметтік аз қамтылған отба­сыларға, мүмкіндіктері шек­теу­­лі балаларды тәрбиелеп отыр­ған ата-аналарға және т.б. «бір терезе» қағидаты бо­йынша кон­суль­тациялық қызметтер кеше­нін ұсынады. Онда отбасының әлеуметтік проблемаларын ке­шен­ді шешу жүзеге асырылады. Атап айтқанда, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар анықталады, өмірлік қиын жағдайдың себептері анықталады, оны жеңуге көмек көрсетіледі, әлеуметтік қорғаудың әртүрлі мә­селелері бойынша кеңес­тер бері­ле­ді және т.б.

«Отбасының әлеуметтік мәсе­ле­­ле­рін шешудегі кешенді тәсіл «Жанұя» орталығының база­сында мем­лекеттік және квазимемлекеттік сектор меке­ме­лерінің қызметін ұйым­дас­тыру арқылы жүзеге асырылады. Қала тұрғындары мен мем­ле­кеттік органдар арасындағы Бірыңғай диалог алаңында «бір терезе» қағидаты бойынша 7 мем­ле­кеттік орган мен квазимем­ле­кеттік мекемелердің 15 қызметі біріктірілген. Олардың қатарында – білім басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, ха­лық­ты жұмыспен қамту орталығы, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, «Отбасы банкі» бар», деп атап өтті Әсемгүл Садыр.

Орталық мамандары өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір отба­сы­ға жеке көңіл бөледі. 2021 жылы 432 отбасы тексеріліп, 289 отбасы әлеуметтік сүйемелдеу жұ­мы­сы­на қабылданды. Сонымен қатар орталықта заңгерлерден, психологтерден кеңес алуға болады, сол сияқты өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Аналитикалық мә­ліметтерге сәйкес, ашылған күні­нен бастап – 2019 жылдан бері орталыққа психологиялық көмек алу үшін 798, заң­герлік көмек үшін 5 090 адам жүгінген, 1 800-ден астам аза­матқа әлеуметтік көмек көрсе­тіл­ген.

«Жанұя» орталығында цифрлы сауаттылықты арттыру және әлеу­мет­тік қызметтер порталы арқылы өзіне қызмет көрсету мүмкіндігін жасау мақсатында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған адамдар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылды. Портал қызметтері бойынша 18 мыңнан астам өтінішке қызмет көрсетілді.

«Ашылған күннен бастап орта­лық­қа барлығы 114 921 сұрақ бо­йынша 110 266 адам жүгінді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, әлеуметтік шиеленісті азайту, жергілікті атқарушы органдар арқылы мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, жалпы, орталық базасында бекітілген кесте бойынша санитарлық нормаларды сақтай отырып, апта сайын бірінші басшылар, мемлекеттік мекемелер басшыларының орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары азаматтарды қабылдады», деді орталық директоры.