«Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері кейінгі аптада 22 қару мен 800-ге жуық түрлі оқ-дәрі тәркіледі. Олардың ішінде үш жарық-шу гранатасы, бір травматика қаруы, бір тапанша, екі карабина, үш автомат, он екі аңшы мылтығы, екі газ тапаншасы бар», делінген хабарламада.
Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалған. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адамның басқа құқықбұзушылықтарға қатысы анықталмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Полиция қызметкерлері аты-жөнін жасырын сақтауға кепілдік береді.
Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, 102-ге қоңырау шалу керек.