ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барасында екі заңсыз майнинг фермаларын анықтады. Олардың біреуі Техникалық жөндеу орталығының ғимаратында ұйымдастырылған және электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық байланысты сақтамай қосылған.
«Тінту іс-шараларын жүргізу барысында криптовалюталарды өндіруге арналған 80-нен астам жабдық табылып, тәркіленді. Құқыққа қайшы қызметті жүзеге асырудан түскен кіріс сомасы 30 млн теңгеден астам қаржыны құрайды. Екінші ферма ЖШС аумағында орналасқан, басшысы шетел азаматы. Екінші ферманың кіріс сомасы 60 млн теңгеден астам қаржыны құрайды.
Қазіргі уақытта, ҚР ҚК-нің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінде.