Кәсіпқой бокс • 11 Наурыз, 2022

«Альваресті үш раундта құлатады» – Али Абдель Азиз күлкілі болжам жасады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі спорт менеджері Али Абдель Азиз аралас жекпе-жек шебері Камару Усман мен боксшы Сауль «Канело» Альварес шаршы алаңда кездессе, кімнің жеңіске жететінін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Альваресті үш раундта құлатады» – Али Абдель Азиз күлкілі болжам жасады

«Камару Альваресті үш раундта нокаутқа түсіреді. Африкадан келген ол барлық қиындықты еңсерді. Мен Камарудың тәжірибесіне сенемін. Ол ерекше спортшы. Екеуміз талай рет көше төбелесінде бірге жүрдік. Ал Альварес онымен көшеде кездесіп қалса, Камару оны лезде құлатады», деді ол өз ойымен бөлісіп.

Бір қызығы бокс ережесі бойынша өтуі ықтимал жекпе-жекке қатысты менеджердің мұндай болжам жасағаны езуге еріксіз күлкі үйіреді.