Аймақтар • 11 Наурыз, 2022

Шымбұлаққа апаратын тасжол уақытша жабылды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымбұлақ тасжолы уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Шымбұлаққа апаратын тасжол уақытша жабылды

«Қазселденқорғау» ММ ескертуі бойынша қар көшкіні жүру қаупіне байланысты Шымбұлаққа баратын автожол уақытша жабық болады. Мамандардың айтуынша, қар деңгейі әдеттегіден 30 см-ге жоғары. Бүгін таңғы сағат 9:49-да Үлкен Алматы өзені бассейнінде 7 мәрте қар көшкіні тіркелген.

«Медеу мұз айдыны - Шымбұлақ тау-шаңғы кешені» автожолы бойында 11 қауіпті қар көшкіні жиыны орналасқан. Ол жердегі барлық қар осы жолға түсетіндіктен, жол бойындағы көліктер мен жаяу жүргіншілер өміріне қауіп төндіреді. Адам шығынын болдырмау мақсатында Шымбұлаққа көтерілетін автожол көлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жабық болады», делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Жыл сайын көктем кезінде қар көшкіні қаупі жоғарылайды, себебі қыс кезінде қар жиналып, көктемде тау басында тұрақтай алмайды. Көбіне қар көшкіні күндізгі уақытта, жылымық күндері тәулік бойы жүреді. Жағдай ушықққанда қар көшкіні едәуір көлемде жүруі мүмкін.

«Қазселденқорғау» ММ-мен келісе отырып, жолдың ашылуы туралы БАҚ арқылы қосымша жарияланады.

Айта кетейік, 10 наурыз күні Алматының Шымбұлақ туристік аумағының жоғары тұсында қар көшкіні жүріп, бір адам мерт болды.