Бокс • 12 Наурыз, 2022

Қазақстандық 27 боксшы финалда

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Амманда өтіп жатқан жастар мен юниорлар арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық 27 боксшы финалда

Финалда Қазақстан құрамасынан 27 спортшы өнер көрсететін болады.

Ерлер арасындағы жастар турнирінде «алтын» алуға үміткерлер: Алмат Әбдуәлі (51 кг), Ислам Советов (67 кг), Егор Егоров (71 кг), Дәулет Төлемісов (75 кг), Сұлтанбек Айбарұлы (80 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг) және Ердос Шәріпбек (92 кг);

әйелдер арасында – Томирис Мырзақұл (52 кг), Виктория Байдукова (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Бақыт Сейдіш (66 кг), Гауһар Шайбекова (70 кг), Аида Сәрібарова (75 кг) және Камила Бажбенова (81 кг).

Ерлер арасындағы юниорлар турнирінде өнер көрсететін боксшылар: Айдар Қадырхан (52 кг), Төрехан Сабырхан (57 кг), Ахмет Үсен (63 кг), Санжар-Әли Бегалиев (66 кг), Мұхаммед-Әли Жанболат (75 кг), Аслан Елдібайұлы (+80 кг);

әйелдер арасында – Карина Тоқыбай (50 кг), Ұлдана Таубай (60 кг), Нұрсұлу Сүйенәлі (63 кг), Аружан Жанабаева (66 кг), Роксолана Валиева (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Кұралай Егінбайқызы (80 кг).