Қазақстан • 12 Наурыз, 2022

Мәжіліс депутаты Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнебайланыс режимінде ведомствоның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды

inform.kz

Айта кетейік, осы күндері Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Сәбила Мұстафина және Шавхат Өтемісов Ақмола облысында сапармен жүр.

Ведомство отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды.

«Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты В.И. Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті.

Депутат В.И. Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді», - делінген ҚР ОСК сайтында.