Аймақтар • 12 Наурыз, 2022

БҚО-ның Казталов ауданына жаңа әкімі тағайындалды

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Рүстем Зұлқашев Казталов ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО-ның Казталов ауданына жаңа әкімі тағайындалды

Рүстем Мүлкәйұлы 1965 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1989 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Орда ауданы «Орда» кеңшарының инженер-механигі болып бастады.

Әр жылдары Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары, Бөкей ордасы ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Орда ауылының әкімі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті БҚО Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы болып еңбек етті.

2019 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Казталов ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.