Қоғам • 13 Наурыз, 2022

Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Щучинск қаласында есірткі саудасымен айналысқан 63 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлеріне Щучинск қаласының 63 жастағы тұрғыны есірткі заттарын сатумен айналысатындығы туралы ақпарат түскен. Ер адам есірткі сатқаны үшін бұған дейін де істі болған.

«Анықталғандай, ер адам пәтер жалдап, онда өзінің «есірткі дүкенін» ашқан. Пәтерді тінту кезінде жалпы салмағы 16 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі заты салынған қап, екі полиэтилен пакет және 353 газет түйіншегі табылды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 300 мың теңге және 1200 АҚШ доллары сомасындағы ақша тәркіленді», - деді Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов.

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3 бөлігі «аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.