Қоғам • 13 Наурыз, 2022

Грузия мен Әзербайжаннан әкелінген көліктер ресімделе ме?

300 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Соңғы кездерде Грузия мен Әзербайжан елдерінен Қазақстан аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша алып келу жағдайлары жиілеп кеткен. Мұндай көлік құралдарын бір жылға уақытша алып келген жағдайда кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Грузия мен Әзербайжаннан әкелінген көліктер ресімделе ме?

Уақытша әкелінген көлік құ­рал­да­рын сатып алуға және Қазақ­стан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана рұқсат беріледі.

Шетел азаматтары өз көлік құрал­да­рын әкелгеннен соң Қазақстанның аумағынан біраз уақыттан кейін ке­тіп қалатыны байқалуда. Олар не­гі­зінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары. Осы әрекеттер негізінде ойға келетіні бұл көлік құралдары қандай да бір кедендік баждар мен салық­тарды төлеусіз Қазақстан Рес­пуб­ликасының аумағында тіркеуге қойылып және Қазақстан азаматына тапсыру мақсатында ЕАЭО аумағына әкелінеді. Жалпы, 2020 жыл­дан бас­тап қазіргі уақытқа дейін Қ­а­зақ­стан аумағына Грузия мен Әзер­­байжаннан 4 157 автокөлік құ­ра­­­лын алып келген, оның ішінде 2 130 автокөлік бойынша Қазақстан аума­ғында уақытша жүрудің мерзімі өтіп кеткен екен.

Маңғыстау және Түркістан облыс­­тары бойынша мемлекеттік кі­рістер де­пар­таменттерімен тие­сі­лі кедендік алым­­дарды және са­лық­тарды төле­мес­­тен Қазақстан аумағында тір­кел­­­ген автокөлік құ­ралдарына бай­­ла­нысты жеке тұл­ға­ларға 230 ха­­бар­лама табысталды. Аталған ау­мақ­тық мемлекеттік кірістер департаменттерімен 2021 жылдың 30 қыркүйегінен кейін шығарылған 300 автокөлік иелеріне 6,6 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынып, өндірілген.

Ескеретін жайт, Еуразиялық эко­­номикалық одақтың (ЕАЭО) ке­ден аумағына үшінші елдерден уа­қыт­­ша әкелінген көлік құралдары өз мәр­тебесі бойынша шетелдік та­уар­лар болып саналады (яғни ЕАЭО тауарлары болып саналмайды) және кедендік бақылауда болады. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуіне рұқсат етіледі. Бұл ретте уақытша әкелінген көлік құралын декларанттың өзі ғана басқаруға құқылы және оны біреуге тапсыруға немесе сенімхат арқылы сатуға тыйым салынады.

Уақытша әкелу мерзімі аяқтал­ған­нан кейін автокөлік құрал­дары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет, ал шығып кетпеген жағ­дайда ЕАЭО қолданыстағы заң­на­масына сәйкес тиісті шаралар қол­данылады. Шетелдік көлік құ­рал­дарының шығарылуы Еура­зия­­лық экономикалық одақтың аума­ғынан тыс жүзеге асырылуы қа­жет шетелдік көлік құралдарын шы­ға­ру туралы міндеттеме ЕАЭО елде­рінің аумағының барлығына қолданылады. Шетелдік азаматтар көлік құралдарын шығаруға өзінің мүмкіндігі болмаған жағдайда та­сы­малдаушының көмегімен шы­ға­руына болады. Сонымен қатар шетелдік азаматтар көлік құралдарын шығаруға және тұратын мемлекетіне қайту үшін мемлекеттік шекарадан өтуіне болады.

Осыған дейін, коронавирус ин­фек­циясының (COVID-2019) алдын алуға және таралуына жол бер­меуге бағытталған шараларды қабылдауға байланысты қалыптасқан жағдайда уақытша әкелу мерзімін 2021 жыл­дың 30 қыркүйегіне дейін (кеден органының рұқсатынсыз және ке­ден­дік декларациясыз) ұзарту туралы шешім қабылданған болатын. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін аталған көлік құралдарының бұзушылықтарын анықтау мәселесі бойынша жұмыстар Қазақстан Рес­публикасының Ішкі істер минис­трлігінің Әкімшілік полиция коми­те­тінің қызметкерлерімен бірлесіп жүр­гізілетін болады (аталған кө­лік құралдарына уақытша әкелу мерзімін бұзғаны үшін 15 айлық көр­сет­кіш көлемінде әкімшілік айып­­пұл қарастырылған, сонымен қатар толық кедендік тазартудан өтіп, ке­дендік баждар мен салық­тар­ды тө­лей­тінін ескертеді).

Сонымен қатар, кедендік тазарту кезінде 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімін (бұдан әрі – ЕАЭО) «Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары, сондай-ақ оларға қатысты жиын­тық кедендік төлем түрінде өнді­рі­ліп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттары», яғни ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясында сыныпталатын, негізінен адамдарды тасы­мал­дауға арналған жеңіл автомобильдер медициналық мақсаттарға арнал­ған арнайы автомобильдерді қос­пағанда) және өзге де моторлы кө­лік құралдарын (осы кестенің 1 және 4-тармақтарында көрсетілген көлік құралдарын қоспағанда) қолдануға болатынын ескертеді.