Теннис • 14 Наурыз, 2022

Қазақстан – Германия матчы елордада өтеді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы Билли Джин Кинг кубогының плей-офф сатысында Германия теннисшілерімен шеберлік байқасады. Финалдық кезеңге жолдама беретін матч сәуір айында елордадағы «Дәулет» теннис орталығында өтеді.

Қазақстан – Германия матчы елордада өтеді

Қазақстан теннис феде­ра­циясының мәліметі бойынша аталған сайыс елордадағы Ұлттық теннис орталығының ар­найы құрылған топырақ төсе­нішінде ұйымдастырылады. Арена 2500-ден астам көрерменге есептелген, мұнда Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларының ойындары бұған дейін де бірнеше рет өткені белгілі. Қазақстан тен­нис федерациясының вице-пре­зиденті Юрий Польский Ұлттық теннис орталығының кездейсоқ таңдалмағанын айтты. «Елорда корттарында біздің құрамалар жақсы өнер көрсетіп келеді. Олар Швейцария, Аргентина, Жапония, Италия, Португалия, Нидерланд секілді атақты қарсыластарын жеңді. Сапалы дайындық пен жанкүйерлердің қолдауының арқасында 20 матчта жеңіске қол жеткіздік. Сондықтан бұл жолы да осы табысты жалғастыру үшін бар күшімізді саламыз», деді Ю.Польский.

Қазақстан – Германия матчы 15-16 сәуірде өтеді. Жеңім­паз құрама жыл соңында ұйым­дас­тырылатын финалдық кезеңге жолдама алады. Қазақстан қыз­дар құрамасы былтырғы сәуірде Аргентинада корт иелерін аса тартысты өткен ойында 3:2 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.