Әлем • 14 Наурыз, 2022

Қазақстан-Словакия ынтымақтастығы нығая түсті

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Слова­кия арасындағы ынты­мақ­тастықты одан әрі дамыту перспективалары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мә­се­лелерді талқылау мақ­сатында Қазақстан Сыртқы істер министрі­нің орынбасары Роман Василенко Братиславаға жұмыс сапарымен барды.

Қазақстан-Словакия ынтымақтастығы нығая түсті

Іс сапар шеңберінде Сло­ва­кияның Сыртқы және еуро­палық істер министрі Иван Корчокпен, Ұлттық кеңес тө­р­аға­сының орынбасары Юрай Бланармен және Ұлттық кеңес­тің Халықаралық істер жө­нін­дегі комитетінің төрағасы Мариан Керимен, Словакия пре­зидентінің Сыртқы саясат жө­ніндегі кеңесшісі Яна Коб­з­о­­вамен, Сыртқы және еуро­палық істер министрлігінің (СЕІМ) ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша бұрынғы арнайы өкілі Петер Бурианмен, сондай-ақ Словак экспорттаушылары кеңесінің (СЭК) төрағасы Лукаш Пари­зекпен және көптеген іскерлік топтар өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Р.Василенко Қазақстандағы жағдай, қаңтардағы қайғылы оқиғалар бойынша тергеу ба­рысы, адам құқықтарын сақ­тау жөніндегі мемлекеттің кешен­ді шаралары, ұлттық және халық­аралық құқық қорғау, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру бағы­тына сәйкес жүргізіліп жатқан және жоспарланған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономи­калық реформалар туралы хабардар етті.

Одан бөлек кездесуде Ук­­ра­и­­­­­­на­дағы жағдай, халықара­лық қо­ғам­дастықтың соғыс қи­мыл­да­рын тоқтату және гу­мани­тар­лық көмек көрсету мәсе­лесі талқыланды. Р.Васи­лен­ко еліміздің БҰҰ Жар­ғы­сы­­на сәй­кес Украинадағы жағ­дай­­­ды бей­біт жолмен реттеу қа­жет­тілігін, делдал­дық қыз­мет­тер арқылы диплома­тия­лық жол­мен шешуге жәр­дем­десуге дайын­дығы туралы ұстанымын жеткізді.

Словакия Ұлттық кеңесінің басшылығымен кездесу барысында қазіргі саясаттағы парламенттік дипломатияның рөлі арта түскені атап өтілді және екі елдің заң шығару­шы органдары арасындағы ынты­мақтастықты дамыту жос­­пар­лары белгіленді. Сауда-эко­но­­микалық және инвестиция­лық ынтымақтастықтың перс­пективаларын талқылай отырып, тараптар пандемияға қара­мастан Қазақстан мен Сло­вакия арасындағы тауар айна­лымының көлемі 2021 жылы 84 млн долларға жеткенін, яғни 2020 жылғы көрсеткіштен 21%-ға жоғары екенін атап өтті.

Сонымен қатар Экономи­калық және ғылыми-техника­лық ынтымақтастық жөніндегі Қазақ­стан – Словакия үкімет­аралық комиссиясының 9-н­шы отырысы шеңберінде Қазақстан­ның Инвестициялар комитеті мен Қазақстан нарығына шығу­ға мүдделі Heneken метал­лур­гиялық және сауда компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюмен жалғасқан, екі елдің іскерлік топтар өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті.