Ақ үй Польшаға қарай әуе шабуылының жасалғанына алаңдаулы. Ресей әскерилері Киевті қоршап алды. Қара теңіз жақтан да әуе соққылар жасалып жатыр. Салдарынан осы аймақтағы 9 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Бейжіңдегі биліктің қандай шешімге келгені белгісіз. Белгілісі, Ресей Қырымды басып алғанда қытайлар бейтарап позиция танытқан. Әдетте шығыстағы көршіміз өз мүддесі болмаса, басқа елдердің мәселесіне араласа қоймайды. Оның үстіне бұл жақта да сайлау жақындап қалды. Си Цзиньпин бұл сайлауда да үшінші рет бағын сынағысы келеді.