Қазақстан • 14 Наурыз, 2022

Украинадан қазақстандық жүк көліктерін эвакуациялау жалғасуда

346 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2022 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 51 жүк автомобилі шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украинадан қазақстандық жүк көліктерін эвакуациялау жалғасуда

11 көлік Ресей Федерациясының аумағына, 8-і Молдавияға және 32-і Польшаға кетті.

Украина аумағында 6 көлік қалды, оның ішінде Украина азаматтығын алған бес жүргізуші бар.

Сондай-ақ, Украина аумағында қазақстандық операторларға тиесілі 1030 жүк вагоны бар. Украина бағытында келе жатқан 509 вагон Ресей Федерациясы мен Грузия аумағында жүру жолында тоқтатылды, тағы 627 вагон басқа мекенжайларға қайта жіберілді.

Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін атап өткен жөн.

Туындаған Халықаралық тасымалдар мәселелері бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және елдің теңіз порттары жанында «жедел желілер» ашылды.

ҚР ИИДМ жедел желісінің телефондары:

- ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ахуалдық орталығы: +7 (7172) 98-35-35, 98-35-33;

- ҚР ИИДМ ахуалдық орталығының WhatsApp нөмірі: + 7 708 088 0 800

- Ақтау, солтүстік терминал, Құрық порттарындағы жедел желі телефондары:

- Ақтау теңіз сауда порты: 8 7292 44 51 27

- Коммерциялық жұмыс бөлімі: +7 775 362 72 73 Ануар Немышев, маркетинг және сату бөлімінің бастығы;

- Маркетинг және сату бөлімі: 8 7292 44 51 51 

Ақтау теңізі солтүстік терминалы: 8 7292 20 38 78 Расул Шайханов, экспедициялау қызметінің басшысы;

- 8 (7292) 20 38 78 Александр Сливко, көлік-экспедиторлық қызметтің маманы;

- 8 (7292) 20 38 78 Ержан Байтақов, бөлім басшысы.

- Құрық порты: +7 776 025 77 77 Айтқали Нұрмағамбетов;

- маркетинг және сату бөлімі: +7 705 169 04 44 маркетинг және сату бөлімі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жедел желісінің телефондары: жүктерді басқа мекенжайға жіберуге өтінімдерді қабылдау және консультациялар бөлігінде (тағайындау станцияларын өзгерту, алғашқы тиеу станциясына қайтару және т. б.).) +7 (702) 164-55-39, 8 (7172) 60-31-33;

Кеден қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңес беру - 8 (7172) 60-30-19, +7 (701) 341-32-20;

Ресей Федерациясы, Украина, Белоруссия және ЕО аумағында тасымалдауды ұйымдастыру бөлігінде кеңес беру +7(702) 788-68-87

Украинадағы ҚР Елшілігі тұлғаларының байланыстары:

Құрметті консул: Медяник Инна Сергеевна, Днепропетровск облысы, Днепр қаласы, Дмитрий Яворницкий даңғылы, 22 үй, тел: +38 (098) 222-94-37, consul.kz.dp@gmail.com;

Құрметті консул: Наджафли Эмин Муса оглы, Харьков, Полтава және Сумы облыстары, Харьков қаласы, Полтавский көшесі, 7 үй, тел: +38 (067) 190-77-77, consul.kz.kh@gmail.com;

Құрметті консул: Продаевич Сергей Александрович, Одесса, Николаев және Херсон облыстары, Одесса қаласы, Пантелеймоновская көшесі, 101/11 үй, тел: +38 (094) 949-27-52, consulkzod@gmail.com;

Құрметті консул: Маслюк Галина Дмитриевна, Львов, Закарпатская, Ивано-Франковская, Черновицкая, Тернопольская, Хмельницкая, Ровенская және Волбна облыстары, Львов қаласы, Замкнен көшесі, 3/1 үй, тел: +38 (032) 240-36-70, consul@kazconsul.com.ua.