Әлем • 15 Наурыз, 2022

Оңтүстік Корея Украинаға әскери көмек жіберетін болды

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея Украинаға гуманитарлық көмектен бөлек, әскери материалдар жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті қорғаныс министрлігінің өкілі Пу Сын Чханның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея Украинаға әскери көмек жіберетін болды

«Украинаға көмек ретінде не жіберілетіні туралы шешім қабылданды. Енді оның қалай жеткізілетіні талқыланып жатыр. Біз бұл елге қару-жарақ жүйесін емес,тек әскери материалдарды береміз», деді ведомство өкілі.

Гуманитарлық көмек ретінде каскалар, құрғақ тамақ, көрпелер, дәрі-дәрмектер, шатырлар жіберіледі. Оның жалпы құны 804 мың доллар.

Бұған дейін Оңтүстік Корея АҚШ-тың Ресейге қарсы салған бірқатар санкциясына қосылмайтынын жариялады. Бірақ Сеул Мәскеуге қарсы экспорттық шектеулер енгізуге міндеттелді.

Оңтүстік Кореяның сауда министрі Оңтүстік Корея АҚШ пен халықаралық қауымдастық қабылдаған шараларға сәйкес келетін экспорттық шектеулер жариялайтынын мәлімдеді.