Үкімет • 15 Наурыз, 2022

Қаржы министрі бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 2 айында министрліктер 55 млрд теңге бюджет қаражатын игермеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрі бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 96,9, республикалық бюджеттің шығыстары – 97,7, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 2 трлн 683 млрд теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 64 млрд теңгені құрады, оның ішінде 9 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 55 млрд теңге», деді министр.

Оның дерегінше, игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Ішкi iстер, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде қалыптасты.

«Игерілмеудің негізгі себептері: шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ рәсімдеу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді дер кезінде қабылдамау, шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі, есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы», деді Ерұлан Жамаубаев.