Аймақтар • 15 Наурыз, 2022

Мәжіліс депутаты қамауда жатқан азаматтарға араша түспек

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде 100-ден астам азамат қамауда жатыр. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжіліс депутаты қамауда жатқан азаматтарға араша түспек

Астана телеарнасының мәліметінше, ұсталғандардың кінәсі әлі күнге дәлелденбеген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді.

Оның айтуынша, жауаптылар күдіктілерге қатысты дәлелдерді іздестіру үстінде. Осыған байланысты депутат бас прокуратурадан арнайы комиссия құруды сұрап, қамауға алынған жастардың тағдырына бей-жай қарауға болмайтынын айтты. Сондықтан істі зерделеуге шақырды.