Спорт • 16 Наурыз, 2022

Тегерандағы табысымыз толағай

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таеквондодан Иранның бас шаһары – Тегеранда өткен халықаралық турнирлер сериясы өз мәресіне жетті.

Тегерандағы табысымыз толағай

Соңғы жарыста даян шеберлері Азия федерациясы президентінің кубогын сарапқа салды. Бұл бәсекеде 68 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ерасыл Арапбай үшінші орынға табан тіреді. Соның алдында ғана аталған турнирде Жансель Дениз алтын алса, Смайыл Дүйсебай қола медальды мойны­на ілді. Осылайша, Қазақстанның ұлттық құрамасы Азияның клубтық чемпионаты, дәстүрлі Fajr Open додасы және Азия федерациясы президентінің кубогын 15 медальмен қорытындылады. Сол жүлделердің 2 алтын, 3 күміс және 10-ы қола медаль.

Алда таеквондошыларымызды бірқатар байрақты бәсеке күтіп тұр. Солардың ара­сындағы ең ірілері – әлем мен құрлық чемпио­наттары және жазғы Азия ойындары.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10