«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, республиканың солтүстік жартысында негізінен қар түрінде, оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Атап айтқанда, Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды, батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетіп, Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың орталығында және оңтүстігінде көктайғақ болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ болып, түнде солтүстікте, шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысында көктайғақ болып, тұман түседі.