Аймақтар • 16 Наурыз, 2022

Атыраудағы атыс: Полиция күдіктінің ұстады

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Атыраудадың орталығында атыс болып, үш адам қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы атыс: Полиция күдіктінің ұстады

«15 наурызда сағат 22:30-да Атырау УП-ға «Авангард» шағын ауданында орналасқан соңғы аялдамада оқ атылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында «Reno Duster» маркалы автокөлігі табылды, Көлік ішінде 2 мәйіт жатқан. Полиция атыс болған жерге келгенге дейін оқ жарақатын алған бір адам жедел жәрдем қызметкерлерімен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылғаны белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегуші комада жатыр, жағдайы ауыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, сондай-ақ облыс прокурорының орынбасары А.Ғылым, Атырау қаласының прокуроры А.Тайтуллин жұмыс істеуде. Кісі өлтіру фактісі бойынша Атырау облыстық полиция департаменті ҚК-нің 99 - бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмысты ашуға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқ атқан күдікті оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. 

«Полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының 1993 жылы туған тұрғынын қолға түсірді. Оның айтуынша, атыс азаматтар арасында туындаған келіспеушіліктен болған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.