Кәсіпқой бокс • 16 Наурыз, 2022

Қазақ боксшыларының рейтингтегі орындары белгілі болды

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ боксшыларының рейтингтегі орындары белгілі болды

Рейтингте қазақ боксшылары арасынан орта салмақта бақ сынап жүрген Жәнібек Әлімханұлы топ бастап тұр. Ол өз салмағында төртінші орынға орналасқан. Екінші орта салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүрген Айдос Ербосынұлы он жетінші орынға табан тіресе, Әли Ахмедов жиырма бірінші орынға жайғасқан. Бірінші орта салмақтағы оғланымыз Садриддин Ахмедов үздік жиырманың қатарынан көрінсе, жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов жиырма екінші, бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев жиырма төртінші, аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий он тоғызыншы, Қамшыбек Қоңқабаев отыз төртінші, орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов оныншы, жартылай орта салмақтағы Талғат Шәйкен отыз алтыншы орынға орныққан.