Теннис • 16 Наурыз, 2022

Тимофей Скатов Италияда топ жарды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 жастағы теннисші Тимофей Скатов екінші апта қатарынан сәтті өнер көрсетіп, Roseto Degli Abruzzi сериясындағы топырақ турнирлерінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимофей Скатов Италияда топ жарды

16 наурызда Тимофей Скатов осы жарыстардың екінші айналымында 31 жастағы португалдық Гаштон Элиаштан озып түсті. Бірінші сетті 6:2 есебімен алып, әрі қарай қазақстандық екінші құрғақ партиядан – 0:6 есебімен ұтылды, ал ойынның қорытынды бөлігінде Скатов тез жиналып, жекпе-жектің барысын өз пайдасына бұра алды. Ойын 7:5 есебімен аяқталды.

Тартысты бәйге шамамен екі жарым сағатқа созылды. Петропавлдық теннисші сегіз брейк-нүкте, екі қос қате және бір эйс орындады.

Енді жартылай финалға жолдама алу үшін қазақстандық спортшыны Хорватия елінің өкілі Нино Сердарушичпен кездесу күтіп тұр.