Пікір • 17 Наурыз, 2022

Саяси және экономикалық реформалар қатар жүруге тиіс

845 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент ұсынған реформаның негізгі мәні – мемлекет, яғни билік өкілдері мен бұқара арасында нақты нәтиже беріп, қордаланған проблемалардың жүйелі шешімін табуға арқау болатын екіжақты тиімді диалог ұйымдастыру. Аймақтық, жергілікті өзін-өзі бас­қару органдарының белсен­ділі­гін жетілдіру, азаматтық қоғам инс­­титуттарының рөлін нығайту­­ды көз­дейді. Жүйенің қалыпта­суы­на ке­дер­гі тигізіп отырған әкім­ші­лік ықпал, әсерді әлсіретуге бағытталған.

Саяси және экономикалық реформалар қатар жүруге тиіс

Көңілден шыққан тағы бір мәселе, Президенттің жақын туыс­­тарының мемлекеттік орган­дар мен квазимемлекеттік меке­ме­лер­дің басшылығына тағайын­да­луы­на тыйым салынуы. Ай­мақтық-әкімшілік реформа мем­лекеттік басқару органдарын ана­ғұрлым халыққа жақындатып, өңір-өл­кенің кешенді дамуын өндірістік, әлеуметтік, инф­ра­құ­рылымдық тұрғыдан қамта­масыз етуге тиіс.

Президент саяси реформаларды кезең-кезеңімен және табанды түрде жүзеге асырып келеді. Жүйелі жұмыстың негізі де байқалады. Кейінгі үш жылда еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғырту қажеті, әрбір азаматтың саяси сауаты мен саяси мәдениетін қалыптастырудан тыс, меңгеру деңгейінің сапасы да маңызды екенін айтып жүр. Себебі саяси реформаның эконо­микалық реформалармен қатар жүруі өзекті.

Табысты экономикалық өсім саяси жүйенің икемділігіне де бай­ланысты. Ал саяси жүйенің негіз­гі формуласы: мықты Прези­дент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет. Бұл қағи­да жүзеге асырылғанда ғана қоғам­ның ашықтығы, саяси бастама­лардың жариялылығынан үлкен қайыр бар. Мемлекет басшы­сы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жырым­дамасының өміршеңдігі де жұрт үшін маңызды.

 

Ғазиз ҚҰЛАХМЕТОВ,

Мәжіліс депутаты