Спорт • 17 Наурыз, 2022

Есімі Даңқ залына енуі мүмкін

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстанның әйгілі кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) алтын әріптермен жазылуы мүмкін.

Есімі Даңқ залына енуі мүмкін

1990 жылы ашылған Даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының дәл іргесіндегі Канастоте елді мекенінде орналасқан. Бұл жерден атағы алысқа жайылған былғары қолғап шеберлерінен бастап, майталман мамандар мен білікті бапкерлердің, аталған спорт түрінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан айтулы азаматтар және осы тақырыпты тереңнен зерттеп әрі зерделеп жүрген тарихшылар мен журналистердің де есімдерін кезіктіруге болады. Соңғы екі-үш жыл аралығында бұл тізім Бернард Хопкинс, Хуан Мануэль Маркес, Шейн Мосли, Флойд Мейвезер, Владимир Клич­ко, Андре Уорд, Мигель Котто, Рой Джонс және Джеймс Тони сынды дүлдүл­дермен толыққан еді.

Биыл жазда аттары аңызға айналған боксшылардың санатына Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин де қосылуы мүмкін. Сондай-ақ Даңқ залына енуге үміттілер қатарында украиналық Василий Ломаченко мен мексикалық Сауль Альварес және ұлыбританиялық Тайсон Фьюри де бар.