Спорт • 17 Наурыз, 2022

Ширек финалға шықты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қала­сында өтіп жатқан аса ірі халық­аралық турнирдің ширек финалына шыққан теннисшілер бірте-бірте анықталуда.

Ширек финалға шықты

Осының алдында ғана Беларусь ойыншысы Виктория Азаренкодан айласын асырып, жанкүйерлерін қуантқан еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұл жолы да шабысынан жаңылған жоқ. WTA рейтингінде 51-орында тұрған швейцариялық Виктория Голубичпен күш сынасқан ол 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Енді ширек финалда Рыбакина грекиялық Мария Саккаримен шеберлік байқасады. 26 жастағы Ежелгі Эллада елінің өкілі бұл күндері әлемдік рейтингте алтыншы орында тұр.

Өкінішке қарай, Александр Бубликтің жолы болмады. Аталған турнирдің үшінші айналымында ол әлемнің 35-ракеткасы болгариялық Григор Димитровтан 3:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10