Аймақтар • 17 Наурыз, 2022

Шекарадан майнинг құрылғыларды өткізбек болғандар ұсталды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында майнингке арналған құрылғыларды әкетпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. 

Шекарадан майнинг құрылғыларды өткізбек болғандар ұсталды

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің шекарашылары «Жайсаң» автомобиль өткізу пунктінд­е ҚР-дан Ресей Федерациясына шығатын жерде «DAF» маркалы автокөлікті ұстады. Көлік құралын толық тексеру кезінде ҚР-дан ілеспе құжаттары жоқ саны 813 қорап қоректендіру кабельдері бар «Avalon» майнингке арналған жабдығы табылған.

Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды.

Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ЭТД-ға тапсырылды.