Оқиға • 17 Наурыз, 2022

Рудныйда ер адам көршісін өртеп жіберді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудныйда ер адам көршісінің төрт жасар баласына керосин құйып, өртеп жіберді. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рудныйда ер адам көршісін өртеп жіберді

«16 наурыз күні 44 жастағы ер адам көршісінің есігін қағып, ар жағынан баласын көтеріп шыққан 32 жастағы келіншекке керосин шашып, өртеп жіберген.

Аталған оқиға бойынша полиция адам өлтіруге оқталу бабы жөнінде сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жұмыстары тікелей менің бақылауымда.

Төрт жасар сәби қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 40 пайыздан астамын күйік шалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Ал әйел адамның қолының білезік тұсы күйген. Жағдайдың осылай өрбуіне көршілер арасындағы жанжал себеп болған», деді Ерлан Омарбеков.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ал 32 жастағы әйелдің қолын күйік шалған.